Тәуекел Мүсілімнің әкесі туралы не білеміз?

Oinet.kz 30-05-2020 2932

Танымал қазақ эстрадасының жұлдызы Тәуекел Мүсілімнің әкесі Сабыр Мүсілім Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Танитындар Сабырды сол уақытта “жетім-жесірді жебеп, жұмыссыздарға көмектескен, қылмысты азайтуға күш салған азамат болды” деп еске алады.   

image.png

Танымал актер Тәуекел Мүсілім – осы Сабыр Мүсілімнің тұңғышы.

Тәуекел деген атымды әкем қойған. Тағдырдың жазуымен әке мен шешем кішкентай кезімде ажырасып кетті. Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен ол кісі туралы мардымды ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсы болған жоқ. Әлі күнге дейін енесінің алдын кесіп өтпей, сәлемін салады. 9-сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім. Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін. Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Маған үнемі “оқы, келер заман – білімділердің уақыты” дейтін. Расында, қазір – білектің емес, білімнің заманы. Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын. Кейде өз ойымды жасырып, үндемей қалатын жасықтау мінезім бар. Әкемнің қолында өскен болсам, мінезім басқаша болар ма еді. Бірақ ішімде бір қайсарлық бар екенін сеземін. Әкемнің көзін көрген жұрт “бұл – Сабырдың ұлы ғой, тектінің көзі” деп жатады. Әке атына лайық болсам деймін (Тәуекел Мүсілімнің “Жұлдыздар отбасы” журналына берген сұхбатынан). Ал, Тәуекел Мүсілім әкесінен 22 жасында айырылған. Ол көптеген сұхбаттарда әкесі туралы ыстық естеліктерді айтудан жалыққан емес.

image.png

Сабыр Мүсілімнің көп әрекеті заңға қайшы болған. Полициямен тіл табыса алмаған азаматқа тоғыз түрлі бап бойынша айып тағылғанымен көбі дәлелденбейді. Кейін ол суық қару сақтады деген айыппен 3 жылға түрмеге қамалады. Бостандыққа шыққан соң ұзақ ауырып, Алматыда қайтыс болды.

Гаухар Әлімбекова тағы бір кәсіпкерді алдап кетті
Карантиндегі құдалық: Жазира мен Алтынай құдағи болмақшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу