Тоқтар Серіков іш киіммен бауырсақ пісірген Шырынға ашулы

Oinet.kz 03-06-2020 1980

Әлеуметтік желіге іш киіммен бауырсақ пісірген видеосын жариялаған Шырын Нарчаева қалың көпшіліктің ашуын тудыруда. Атышулы арудың бұл қылығына алғашқылардың бірі болып, әнші Тоқтар Серіков шүйлікті. Ол бойжеткеннің әрекетін сынға алғанымен, оған ақыл айтудан аулақ екенін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz  "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап. 

image.png

Өнер иесі отбасы тұрғанда осындай амалдарға барған қыз өзгенің пікірін тіптен қажет етпейтінін айтты. Тоқтар Серіков сәукелемен түскен ерсі видеосымен танылған Шырын Нарчаеваның бұл жолы аспен ойнағаны тым артық болды деп есептейді. Эстрада жұлдызы атышулы бойжеткенге мұндай форматтағы бейнежазбаларды біреу тапсырыспен таспалатуы да мүмкін екенін айтты. 

- "Ата-анасы, туған ағасы бар шығар. Солардан ұялмай осылай істесе, оған халық түк емес деп ойлаймын. Халыққа оның түкіргені бар ма? Мен ол қызды қарғамаймын, ол қызды көрген жерде дұрыстап орнына қоям деген әңгіме айта алмаймын. Менің де қарындасым бар. Біріншіден, бұл қыз құндылықтың құнын түсініп тұрған жоқ. Осындай кезде оны жасап жатқан өзі ма? Әлде істетіп жатқан адам бар ма? деп те ойлайсың. Иманы оянып, сол қателігі үшін елден кешірім сұрайтын күн туса екен деп ойлаймын" , - деді Тоқтар Серіков. 

«Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады» - Димаш Құдайберген
Ақан Сатаевтың Томирисі қалыңдық атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу