Дәрігерлердің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынбақ

Oinet.kz 11-06-2020 1126

Screenshot_4.jpg

Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынатын болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Медицина персоналының біліктілігін арттыру мақсатында кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуы, оның ішінде жұмыс берушінің есебінен біліктілігін арттыру; денсаулық сақтау қызметкерлерін клиникалық, фармацевтикалық практикаға және санитариялық-эпидемиологиялық қызметке жіберу үшін сертификаттау көзделген. Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету үшін медицина және фармацевтика қызметкерлерін жергілікті бюджет есебінен біліктілік деңгейіне сәйкес қаржылай ынталандыру мен әлеуметтік қолдауға басым құқықтары қарастырылған», - деді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс пен «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер енгізу жөнінде» ілеспе заң жобасын таныстырған министр. 

Оның атап өтуінше, кодекске «медициналық оқыс оқиға» ұғымы және оны айқындау механизмі енгізіледі. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салу және араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу ұсынылады. Медициналық қызметтерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында цифрлық денсаулық сақтау мәселелерін құқықтық реттеу көзделген. 

«Бүгінгі таңда, ақпараттық жүйелерде пайдаланушылардың құқықтары анық шектелген. Бұл нормалар медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен бірге, Кодекс жобасы мен басқа заңдарда жеке медициналық деректердің сапасы, сенімділігі мен құпиялығы үшін медицина және басқа қызметкерлердің жауапкершіліктері нақты көрсетілген», - деді Елжан Біртанов.


«Фигурасы баршылық»: Тұрсынбек Қабатов Сәдуақасова туралы бар ойын айтты
Димаштың тұңғыш қазақша альбомы жарыққа шығады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу