Белгілі әзілкеш Есен Елеукен туралы бар шындықты жайып салды

Oinet.kz 06-03-2019 3608

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов "Жайдарманның" негізін қалаушы Есен Елеукен екеуінің арасындағы жағдайдың басты себебін түсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.  

image.png

- Жалпы, Есен екеуіміздің арамызда 2005 жылдан бері келе жатқан түсініспеушілік бар. Есен өзі де біледі, өзінің айтпай жүргені де сол. Үндемей жүргені де сол. Мен салмақты түрде КТА-мен айналысып жүргенім де сол.  Бұл жерде басқаша әңгіме бар. Бұл балалықтың әңгімесі. Шалалықтың әңгімесі. Бұл жерде Есеннің ешқандай қатысы жоқ, - дейді әзілкеш. 

Сондай-ақ, Есаға екеуінің арасындағы дауды туындатқан мәселеге тоқталып өтті. 

- Аграрка сарбаздары болып ойнадық. Есен жүргізіп жүрді. Сөйтіп жүріп Есен екеуіміз сөзге келмей ұрсысып қалдық. Мен ол кезде орыса КВН-д ойнап жүрдім. Москвада орысша КВН-нің қызып жатқан шағы. Сосын екеуіміз келісіп мен Қазылар алқасында жюриде отыратын болып. Мен тренингтер жүргізетін бооып. Ол мені шақырып жүрді. Командалармен кездесем, командалармен сөйлесем. Сөйтіп мені ысырып, ысырып, Қазақша КВН лигасы болып, Қазақстан, Нұр Отан партиясымен біріге отырып жұмыс істеп, дамып кетіп қалды. Мен сөйтіп 2013 жылы театр ашқан уақытымда Есен екеуіміз, мен 10 жыл бұрын лига ашамын деп ойлағанмын. Сол кезде Есағаң маған өзі келді, Тұрсынбек лига ашпай-ақ қойшы деп. Кабинетке келіп, саған не керек, балдар керек болса берейін деп. Жақсы деп ол кезде де лиганы тоқтатқан болатынмын. Содан күндердің күнінде жеке орындаушылардан "Көңілашар" деген бағдарлама істейтін болдық. Сонымен, 50 баладан бағдарлама істеуге болады ғой деп жүргенде, Есен балдарына хабарласып, кімде-кім Тұрсынбекке барады "Жайдарманға" келмей-ақ қойсын деген. Мен декорацияны құрып қойғанмын, өзім жақта жиырма бала, Жайдарманнан ешкім жоқ. Келем дегендерге хабарлассам, Есен аға барма деді деп айтты, - дейді Тұрсынбек Қабатов. 

«Құранды ер адамдар жазған» - Баян Мақсатқызы
Қайрат Нұртас Елбасының атынан алғыс хатпен марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу