Айқын Әбдіғаппар Смановтың жаназасына қатысты пікір білдірді (видео)

Oinet.kz 04-07-2020 12604

Шілденің алғашқы күні ақтық сапарға аттанған Әбдіғаппар Смановтың жаназасына жиналған жұрттың әрекеті әлеуметтік желідегілердің қызу талқысына түскен болатын. Белгілі уағызшы әрі ұстазбен қоштасуға келген халықтың қарасы әсіресе Айқын Төлепбергенге жақпаса керек. Әнші ғаламторды кезген видеоға қатысты өз пікірін білдірді.

image.png

- Жаны жәннатта болсын. Бірақ, біраз күтіп қырқына баруға болатын ба еді, - деді әнші. 

Алайда, Айқынның бұл жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Олар шоу-бизнес өкілін жерден алып, жерге салуда. 

- "Ақылшы болмашы. Саған соңғы сапарға ешкім бармай қойса жақсы ма?", "Қырық жыл қырғын болса да, ажалы келген өледі" - деді желі қолданушылары. 

Ғаламторда қос тарап бірін-бірі дұрыс түсінбесе керек. Айқын желідегі жұртпен жанжалдасуды жөн көрмеді. Оқырмандар да оның сөзіне құлақ асуды қаламады. Десек те, Айқынның өз айтары бар. 

-  Әрине, әр адам өз денсаулығына өзі жауап береді. Бәрі Алланың қолында деп баруы мүмкін. Бірақ, ол өзін ғана емес, үйге барғандағы әке-шешесінің қамын ойлау керек. Егер үйінде әке-шешесі бар болса, үлкен кісілер бар болса, ауырып жатқан кісілер болса ол жерге барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине өте сыйлы кісі. Халық сыйлайтын кісі болғандықтан халық жиналған шығар, бірақ, сақтанғанды сақтайды деген бар ғой. Оның үстіне ағамыз сол аурудан қайтқан болып тұр. Тура сол аурудан қайтқан күннің өзінде бәрібір адамдар сенбей, барғаны қателік болған, - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ютуб, Stan.kz каналыНан алынған

Публикация от Жұлдыздар туралы жаңалықтар (@qaz.stars)

Қарақат: Негізі ауада бірдеңе бар-ау, үйден шықпай-ақ ауырып қалдым
Меруерт Өтекешова Елбасыға ашық хат жазды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу