Пневмониядан көз жұмған қазақстандық актер досына ана дүниеден сәлем жолдады

Oinet.kz 20-07-2020 4106

Желі қолданушысы, актер, каскадер Ерден Телемісов өзінің досы қазақстандық актер ана дүниедеден сәлем жолдағанын айтқан. Басынан өткен ерекше оқиға жайлы ол өзінің әлеуметтік желісінде бөліскен, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.

news_full1595219256bbb7b00f6cd95ae10b82993967eed6a5.jpg

Ерден Телемісов өзіне қатты әсер еткен оқиға жайлы Facebook-тегі парақшасында бөліскен.

"Кездейсоқ бір қызды кездестіріп қалдым. Өзім танымайтын бір қыз маған келіп, амандасып, содан кейін өтіп кетіп, жолыма қарап, қайтадан бұрылып жаныма келді. Сонда көзінен жас аққанын байқадым", - дейді актер.

Айтуынша, бейтаныс қыздың айтқан сөздері оған қатты әсер еткен.

"Содан кейін қыз: "Білесіз бе, бүгін жақында көз жұмған сіздің досыңыз түсіме кірген еді. Мұрат Мұқашев. Ол түсімде сізге сәлем айтуымды сұрады" деді. Маған бұл нәрсе қатты әсер етті. Осыдан кейін он, он бес минут өзімді жайсыз сезіндім. Кофе ішіп, өзіме келдім. Бірақ одан кейін бақыт сезіндім. Соңғы күндері қайғырып жүрген досың, бауырың саған аяқ-асты сәлем жолдағаны, ерекше оқиға.

Ол қыз негізі қаланың басқа шетінде тұрады екен. Бұл жерге көп келе бермейді. Forum мен тұратын жерде екі-үш көшедей аралық бар және мен ол жаққа аяғыма шәркей киіп кетіп қалғанмын. Неге екенін білмеймін, Forum-ға тартып кеттім. Сол кезде біз кездесіп қалдық. Міне енді, сторис түсіріп, Facebook-ке осы оқиға жайлы пост жарияладым.

"Мұраттың бір жерде бар екені сондай ғажап! Осы арқылы өзінде бәрі жақсы екенін бізге хабарлап отыр", - дейді ол.

Осы хабарды Ерден Телемісовке жеткізген Марина есімді қыз өзінің әлеуметтік желісіне де осы жағдай туралы бөліскен.

"Менің түсіме танымал актер кірді, ол тағы бір басқа танымал адамға, медиада жүрген кісіге сәлем айтуымды сұрады. Әрине, мен жазып, хат жазған жоқпын. Бірақ, жаңа ғана аяқ-асты сол кісіні қалада көріп қалдым", - дейді қыз.

Айта кетейік, Nomad Stunts командасының танымал актері және каскадері Мұрат Мұқашев , 5 шілдеде Алматыда қайтыс болды.

Видеоға сілтеме

​Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы бар шындықты айтты
Өз жұптарынан жасы үлкен жұлдыздар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу