Әнші Сиви Махмуди ағасы туралы бар шындықты жайып салды (жазба)

Oinet.kz 07-08-2020

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Сиви Махмуди туған ағасы туралы ешкім білмейтін мәліметтермен бөлісті. Әншінің бауыры мәдениет саласына жақын болмағанымен, айтыскерлер өнерін қатты бағалайтын болып шықты. Ерте кезден бері кәсіппен айналысқан ол өзін қазақ тілінің нағыз жанашыры ретінде танытып үлгерді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Сиви Махмуди ағасын туған күнімен құттықтап, Instagram желісінде оған жантебірентерлік жазба арнады. Онда өнер иесі бауырының мінезін, кәсібін, бойындағы ерекше қасиеттерінің барлығын тізіп шықты. Марат Налибаев үйдің үлкені болғандықтан бизнес саласына ерте араласқан. Бүгінде ол аталмыш кәсіпте өзіндік орны бар тұлғалардың бірі болып табылады. Алайда, Сиви Махмудидің ағасы толығымен кәсіпке бой бұрып кетпеген, ол айтыс өнерінің дамып өркендеуіне елеулі түрде үлес қосатын болып шықты. Оған қоса, Марат Налибаев қашанда қазақ тілінің болашағы үшін алаңдап жүретіні белгілі болды. 

- "Ағам Марат бала күнінен еңбекке ерте араласты. Үйдің үлкені болғандықтан әкем кәсіптің қыр-сырын үйретіп Мараттан зор үміт күтті. Тәубе, әкемнің сол сенімін қазір ағам артығымен ақтап жатыр. Бала күнімізде Марат әншілер мен әртістерге мүлде қызықпайтын. Оларды тіпті жұлдыз деп те санамайтын. Тек атаммен отырып "Айтыс" тамашалайтын.   Өзі де ақынжанды адам. Сондықтан, қазір төл өнеріміз "Айтыстың" гүлденуіне өз үлесін қосып келеді. Марат қазақ тілінің болашағына үнемі алаңдап жүреді. Еліміздің даму жолында ораcан үлесін қосып жатыр деп мақтанышпен айта аламын. Айналасын доспен қоршаған ағамның мінезі салмақты, кісі баласына кесірі жоқ байыпты жан. Оның басты принціпі "Қазақ еліне қызмет ету". Сол арманы мәңгі орындалса екен деймін. Қым-қуыт өмірде туған бауыр болсақта, кейде жақсы көретінімізді айта алмай жатамыз. Ағашым туған күніңмен! Жеңгем екеулерің бірге балапандарыңның қызығын көріндер. Өзіңдей ағам барына мақтанамын. Алладан амандығынды тілеймін" , - деп жазды Сиви. 

«Ажырасты» деп талқыға қалған Аша Матай енесіне жүрекжарды жазба арнады
Айгүл Иманбаева: Үй жинап, тамақ істемегеніме тура 22 жыл болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×