«Ажырасты» деп талқыға қалған Аша Матай енесіне жүрекжарды жазба арнады

Oinet.kz 07-08-2020 1324

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай желіде жолдасы Арман Қоңырдың анасын туған күнімен құттықтап, барша оқырмандарын ерекше қуанышқа бөледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Көпшілік ақпарат өкілінің күйеуімен түскен суреттерін салмай, көп уақытын онсыз өткізіп жүргеніне қарап ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжаған болатын. 

Аша Матай желіде өзгелер оның ажырасқанын талқылап жатқанда Instagram парақшасында енесіне жүрекжарды жазбасын арнаған. Онда ол Арманмен және оның анасымен түскен фотоны да жариялап, екінші анасын туған күнімен құттықтады. 

"Мама, туған күніңіз құтты болсын! Денсаулығыңыз мықты, көңіл-күй көтеріңкі, бақытты күндер көп болсын" , - деп жазды ол. 

Тележүргізушінің бұл жазбасы бірден желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандардың басым көпшілігі Аша Матайдың жолдасымен қайтадан табысқанын жарыса жазуда. Ол көптен бері енесімен де, күйеуімен де түскен суреттермен бөліспей кетті. 

"Ортақ фото шығарыпсыз ғой ақыры. Қуаныштымын. Бірге болыңыздар" , "Қуантып жібердіңіз ғой, Ұзағынан сүйіндірсін. Ең сүйікті жұбым аман болыңыздаршы, сіздер бір-біріңіз үшін жаралғансыздар", "Құтты болсын, әрдайым қасыңызда ойнап-күліп жүре берсін" , "Дұрыс қадам болды. Елдер болса, сіздерді ажырасып кетті деді ғой" , "Ажырасып тағы қосылған ба? Енеңізбен жақсы арақатынаста екеніңіз қуантады" , - деп жазды желі қолданушылары. 

75 мың теңге зейнетақы аламын: Роза Рымбаева президентке ащы шындықты айтты
Әнші Сиви Махмуди ағасы туралы бар шындықты жайып салды (жазба)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу