«Әртістер ақша бар жерде жүреді»: Аңдамай сөйлеген Мадина Сәдуақасова дауға қалды

Oinet.kz 08-10-2019 1834

Мадина Сәдуақасова ел күтпеген мәлімдеме жасап, көпшіліктің ашуына тиді. Шоу-бизнес жұлдызының желіде тарап кеткен видеосы қалың жұртшылықпен қоса, өнердегі әпкелерінің де наразылығын тудырған, деп жазады Youtube желісіндегі Shownewskz бағдарламасына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.

photo_325024.jpeg

Сәдуақасова әртістердің тек ақша бар жерде ғана жүретінін айтып, елді шулатқан. Әншінің бұл сөздері жұртқа жақпай қалып, ол үлкен сынға ұшырады.

Аңдамай сөйлеген өнер иесін шоу-бизнестің өзге өкілдері де сынап тастаған. 

"Ақшасыз жерге де барамыз. Тек қана ақша бар жерге бармайсың ғой. Елдің бәрін де ақша жоқ қой. Ақша жоқтарға тіпті тегін концерт беріп кетеміз" , - деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова. 

"Мадинаның айтқаны енді, әркімнің өзінің пікірі бар. Қанша ақша табам десе де, Алла берекесін бермесе ешкім байып кетпейді", - деді Роза Әлқожа.


Гүлнұр Оразымбетова 21 жас үлкен күйеуінің қатаң талаптарын жайып салды
«Қартайғанда құтырды»: Жастарға еліктеген Жанар Айжанова желіні шулатты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу