«Адамға адам керектігін ұқтым» - Ерке Есмахан

Oinet.kz 22-10-2020 1672

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан карантин кезеңінің пайдалы жақтарын тізіп шықты. Өнер иесі өзге отандастары шектеулерден шаршап жүрген кезде, керісінше бұл сәттің өмірін түбегейлі өзгерткенін алға тартты. Әншінің сөзінше, карантин оған көп нәрсені үйреткен, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Ерке Есмахан карантиннің арқасында өмірге басқаша қарайтын болғанын жеткізді. Әнші шектеу шараларына толы уақыт оның ғана емес, барша адамзатқа ерекше өзгеріс алып келгенін айтты. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында осы тақырып аясында жазба жариялап, карантинге деген өз алғысын жеткізді. 

- Карантин көп нәрсені үйретті. Бірінші байлық денсаулық жәй сөз болып еді, осы жылы бұл даналықтың тым актуалды екенін көрдік. Жұмыс, жұмыс дей бермей жақыныңа көңіл аудару керектігін ұғындырды. Ал жұмыс кез келген уақытта тоқтай салады екен. Карантин адамдардың жалғыз болмау керектігін, адамға адам керектігін ұқтырды. Карантин, саған рахмет! Бәрін түсіндік! Енді қайтып келмесең болады, - деп хабарлайды Ерке Есмахан. 

Айта кетейік, бұған дейін үйлену тойын дүркірете атап өткен Қуандық Рахымға карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз. 

Қуандық Рахым үйленгенін растап көпшілікке әсерлі жыр арнады
Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковтың ескі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу