Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелімен қатынасы жайлы шындықты айтты (видео)

Oinet.kz 23-10-2020 1617

Қазақстандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов алғаш рет бірінші әйелімен арақатынасы жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі қалай және не себепті оған үйленгенін айтып, бұрынғы жарын жер-көкке сыйғызбай мақтады, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Дәурен Айдарқұлов бірінші келіншегімен қыз бен жігіт ретінде тым аз кездесіп жүрген. Қос ғашық той алдында тек 3-4 мәрте ғана көріскен болып шықты. Атышулы актер айналасындағы достары мен әріптестерінің барлығы үйленгендіктен, үй-іші оны да жанұялы болуға итермелеген. Нәтижесінде оның таңдауы Баянгүл есімді аруға түсті. Айдарқұловтың сөзінше, жары өзі ойлағандай керемет ана әрі үлгілі келін бола алды. Шоу-бизнес жұлдызы екеуінің екі жаққа кетуіне өзі кінәлі екенін айтты. Ол бірінші келіншегін өзі жіберіп алғанын мойындады. Екінші рет үйленгенде бірінші жарымен көп байланыса алмаған актер бүгінде онымен жиі сөйлесе бастаған. Бұл туралы Айдарқұлов "Talk Like" бағдарламасында айтты. 

- Үйленер алдында біз өте аз кездесіп жүрдік. Үш-төрт кездесу болған шығар. Бірінші кезіккенімізден кейін мен өзім Павлодарға барып ағасымен таныстым. Одан кейін тағы бірнеше кездесу болды. Бұл жайттар не себепті орын алғанын түсіндірейін. Ол ата-анам мен достарымның әсері еді. Біз хабарласып тұрдық. Бірақ, онымен қатар мен басқа арулармен де байланысып жүрдім. Жалғыз ұл болғандықтан әке-шешем үйлен деп қанымды ішіп қойды. Біз Шымкенттенбіз. Біз жақта бұл жайт кеңінен таралғанның үстіне сол кезде айналамдағы достарымның барлығы дерлік бірінен соң бірі үйлене бастады. Соңғы бойдақтардың бірі Нұрлан үйленгенде мен де қимылдай бастадым. Ең керемет нұсқа Баянгүл болады деп шештім. Себебі, барлық қыздардың арасынан тек соны ғана жақсы ана, әдепті келін ретінде көрдім. Қателеспедім. Қыз жақсы, жігіт жаман болып тұр ғой. Мен бірінші әйелімді жіберіп алдым. Оның кетуіне мен себепкермін. Қазіргі таңда, оның да, менің тарапымнан да қосылуға ниет жоқ. Жақсы қарым-қатынастамыз. Уақыт көрсетеді. Бұрын Ақбота болғанда біз сирек хабарласатынбыз. Қазір еркін сөйлесетін болдық. Қазір үлкен ұлым менімен тұрады ғой. Сол себепті, бүгінде көбірек араласып тұрамыз", - деді Айдарқұлов.

Тоқаевтың қолдауына ие болған Тұрсынбек Қабатов шын мәнінде кім?
Тұрсынбек Қабатовтың қызымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу