Роза Рымбаева ұлы мен келінін не үшін бөлек шығаратынын айтты

Oinet.kz 28-10-2020 1875

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева жақында ғана келін түсіргенімен, оның қызығын өте аз көрді. Бастапқыда қалың көпшілікке жас жұбайлармен бір шаңырақ астында тұрып жатқанын қуана хабарлаған әнші енді ерлі-зайыптыларды бөлек шығарып жатқанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

7d58a08f4c4e1093.jpeg

Роза Рымбаева жұлдызды жанұясында орын алып жатқан өзгерістері туралы жан сырын ақтарды. Бұл туралы 31-арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына арнайы сұхбат беріп, Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай алдағы уақытта өзінен бөлек шығатынын растады. Алайда, жас жұбайлар аналарымен көрші тұратын болып шықты. Ол бар-болғаны көрші үйге көшіп жатыр. 

"Келінім қобызшы. Консерватория бітірген. Әли екеуі дос, бірнеше жылдан бері сахнаға бірге шығып жүр. Өзіміздің танитын жақсы көретін қызымыз. Алдағы уақытта екеуі бөлек түратын болады. Бірақ, көрші тұрамыз. Бір аулада тұрамыз. Ал той мәселесіне келетін болсақ. Той карантин бітпейінше болмады. Ешқандай той, ешқандай мереке болмайды. Оған біздің хақымыз жоқ. Бұл біріншіден. Ал екіншіден, халық осындай қиыншылық көріп жатқанда, ауырып жатқанда қалай қайдағы той?" , - деді Роза Қуанышқызы.

Танымал әнші алғаш рет ұлын көрсетті (фото)
Мақпал Жүнісованың қызымен түскен фотосы көпшілікті сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу