«Нұрланның киносы жаман деген оларға тиімді» - Қоянбаев Нарымбетовке жауап берді (видео)

Oinet.kz 19-05-2021 2537

Танымал продюсер өзін сынға алған кинодраматург Сатыбалды Нарымбетовке жауап берді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.

Қоянбаев пен Нарымбетов.jpg

- Мен осыған жауап бермеймін бе деп ойлап едім. Мейлі енді. Халқым көріп тұр ғой. Халқымнан кешірім сұраймын. Мен ол кісілердің жасын сыйлаймын. Мен Сатыбалды ағаға айтайын, біраз еңбек еттіңіз. Мен сізбен кездескен жоқпын. Дәл осылай жауап қайтарған жоқпын. Мен Ермек Тұрсынов ағамызбен кездесуде әңгіме болған нәрсе. Бірақ, бір айтарым ол аға қателесіп отыр. Дұрыс информация бермеген. Біз нөл тиын аламыз. Қаржыны сіздер аласыздар. Енді сұрақ жойылды. Үкіметтен бізге ақша бөлінбейді. Барлық ақша сол кісілерде. Деңгейді көбейтетін де, көтеретін де осы кісілер. Менде Үкіметтің қаржысы жоқ қой. Неге өйтіп айтады? Ол өтірік қой - деді Нұрлан Қоянбаев.

Сонымен қатар, ол түсіріп жүрген комедиялық фильмдерінен миллиардтаған ақша тапқан соң аға буын өкілдері өздері бас көтергенін атап өтті. 

- Нұрлан жаман, Нұрланның киносы жаман деп көрсеткен оларға тиімді. Нұрлан өстіп айтты деп. Мен өйтіп айтқан жоқпын. Олар өздері бастады, Нұрлан миллиард таптың, соншама күшті кино түсіріп жатсың ба? Ал, сынаймыз деген сияқты ғой әңгіме. Әңгіме осы кісілерден басталды ғой. Ал, біз қазір жауап қайтарып жатырмыз. Кешірім сұраймын үлкен киностудиядағы ағаларымнан. Бірақ, енді жауап беру керек. Біз Үкіметтен ақша алмаймыз. Жалпы кинодағы ең төменгі сала комедияны пішінәйға теңеп отырмын. Біз сіздерге жете алмаймыз. Бірақ, сіздер жете алмайтындай жұмыс жасаңыздар. Күтіп отырмыз біз сіздерді 20 жылдай - деді Нұрлан Қоянбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін кинодраматург Сатыбалды Нарымбетов Нұрлан Қоянбаев туралы: Ұлттық қазақ киносына арналған қаржыны попса бір күндік фильмдерге неге бөлеміз? Миллиард тауып жатыр Қоянбаев деген. Олар тіпті бізге доқ көрсетеді. Сендердің шетелден приз әкелген фильмдеріңді көрмейді, біз миллиардтап таптық деп - деген болатын.

Танымал түрік актері Нұрлан Қоянбаевқа Түркиядан зәулім үй әперген (видео)
Түркиядан оралған Қарақат Әбілдина қазақ халқының кемшілігін айтты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу