Танымал әнші тұрмысқа шығып, жолдасын көрсетті (фото)

Oinet.kz 13-09-2021 10115

Белгілі әнші Назым Әбілдина тұрмысқа шықты. Ол Алматы мешіттерінің бірінде сүйіктісімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Қуанышты сәттің суретін әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жариялады. "KeshYou" тобының бұрынғы әншісі тұрмысқа шығатынын қалың көпшілікке биыл шілде айында мәлім еткен. Ол сүйіктісінің өзіне ұсыныс жасағанын және бұл ұсынысты қабыл алғанын желідегі парақшасында баяндаған болатын. Қалыңдық атанған әнші арнайы видео жариялап, қалың көпшілікке өзіне тағылған сақинаны көрсеткен. 

- "Мен ең керемет азаматтың қалыңдығы атандым" , - деп жазған Әбілдина бейнежазба астына. 

Араға екі ай салып, 10 қыркүйек күні тележүргізуші қала мешіттерінің бірінде сүйіктісімен некесін қидырды. Әншінің ресми түрде тұрмыстағы келіншек атанғанын көрген оқырмандары да қарап қалмады. Олар өнер иесіне ізгі тілегін жаудырып, жылы лебізін білдірді. 

- Баршаңызға рахмет! Құттықтаулардың бәрін оқып шықтым. Дайректі де. Әрқайсыңызға тек жақсылық тіледім", - деп алғысын жаудырды оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген Назым. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️Nosya⚜️ (@nazym_abildina)

Баян Мақсатқызының сәби ұстап тұрған видеосы көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Мадина Сәдуақасова: «Ешкімге айтпау мен үшін өте қиын болды» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу