Әбдіжаппар Әлқожа 30 мың адамға көкпар беріп, той жасады

Oinet.kz 24-02-2022 871

Screenshot_8.png

30 мың адамға көкпар беріп, артынан үлкен той жасаған Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында отбасылық қуанышынан кейінгі әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, өнер иесі алғаш рет қалың көпшілікке үш ұлымен түскен суретін көрсетті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

"Кешегі тойды қандай сөзбен жеткізіп, қандай видео ,суретпен елге жеткізерімді білмей отырмын! Бақытты күн болды! Қаншама халық көкпарда бір үйдің баласындай жүрді. Ең бастысы айқай ұрыссыз,дау дамайсыз өтті. Тарихта болмаған көкпар болды деп ойлаймын өзім. Алла осы күнге жеткізгеніне сансыз шүкір еттім. Еліміз аман жұртымыз жақсылықта жүрсін. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Алматыдан келген достарыма мың алғыс! Өнердегі ағаларыма басымды иіп рахмет айтамын! Жетісайдағы достарыма мың алғыс! Жалпы Қазақ дейтін еліме басымды игенім иген. Көрермен болып келген жұрттың қошеметіне, айтқан тілектеріне алғысымды шын жүрекпен айтамын! Барша баршаңызға тек қана алғыс айтамын! Ұлдарымыз өсіп өнсін. Алла тіл көзден сақтасын! Елімізде той думан, көкпар, бәйге көп болсын", - деген тілек білдірді өнер иесі.

 Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдірген. 

Screenshot_7.png


Альмира Тұрсын христиан дінін ұстанатынын айтты
Саят Медеуов жол апатына түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу