"Мен бүгін махаббатымды көмдім": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісімен айырылысып кетті

Oinet.kz 17-06-2022

Меруерт Түсіпбаева сүйіктісімен айырылысқанын хабарлады. "Сезімім сөнді" деген өнер иесі енді жүрегінің бос екенін мәлімдеді, деп жазады oinet.kz.

Screenshot_3.jpg

"Адам қайтыс болғанда, туған-туыс , дос- жаран жиналып , жоқтап- жылап, соңғы сапарға шығарып салады... Ал талай жылдар бойы жүрегіңнің түбінде сары майдай сақтаған сезімің өлгенде ше? Қалай жоқтауға болады?! Мен бүгін махаббатымды көмдім. Ақиық ақын Фариза Оңғарсынова (иманды болсын):

“Өзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын. Меңіреумін.

Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...

Әлем деген қап-қара бұлтқа оранып,

Жердің бетін кеткен бе-ау құрттар алып,

Есі ауысқан шығар бұл сығыр құдай,

Сосын, сосын... денемді бұрынғыдай

Аймалаған секілді сенің ернің…” – деп өзінің махаббатымен қоштасқан екен кезінде. Осы күндердегі жан сезімімді ақын әпкемнің өлең жолдарымен ғана жеткізе алармын.

Өтінемін, сұрақ қоймаңыздар. Бәрі бітті. Бүгінгі күннен бастап менің жүрегім бос! Енді ешкімді күтпеймін, ұялы телефоным өшіп қалса, алаңдамаймын. Енді тек бақытымды жырлаймын", – деп жазба қалдырды Түсіпбаева желідегі парақшасында. 

"Ер адамның сыпыру, шаң сору, қоқыс төгу әйелдің ісі деп ойлауы ақымақтық": Нұртас Адамбай
Қайрат пен Жұлдыздың тұңғыш қыздары музыкалық аспапта ойнап елді сүйсіндірді (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×