Президент: «Халық мұндай жалған ақпаратқа алданбауы керек»

10489457.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге сатылуы және Қазақстанда салынатын 55 қытай зауыты туралы елде орын алып жатқан түсініспеушіліктер туралы түсіндіріп өтті.

Соңғы кездері жердің шетелдіктерге сатылатыны немесе 55 шетел мемлекеттерінің зауыттары салынатыны және мыңдаған шетел жұмысшылары тартылатыны туралы ақпараттар тарап жатыр. Біздің халық мұндай жалған сөздерге сенбеуі керек, мұндай қауесетті халық арасына іріткі салу үшін арандатушылар таратады. Олар халықты пайдаланып өз мақсаттарына жетуді көздейді» - деді Президент өз сөзінде.

Мұндай арандатушылықтар геосаясаттың бір бөлігі екендігін, ел арасындағы бірлікті әлсіретіп, Қазақстанның жағдайының тұрақтылығын бұзу мақсатында орын алатындығын ескертіп өтті.

«Жердің ешкімге берілмейтінін және әрдайым халыққа құлақ асатынымызды тағы бір атап өткім келеді», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Абай Бегейдің үлкен қызы әкесінің туыстарымен неге араласпайды?
  • Меруерт Түсіпбаева: «Пендеміз. Періште аспанда ғана»
  • Жүсіп Ақшора: «Сахнаға ішіп шыққан кездерім болған»
  • Айжан Нұрмағанбетова: «Менде қасиет бар. Арнайы көріпкелдік байқауына да қатысқанмын»
  • Тұңғышбай Жаманқұлов Нұрғали Нүсіпжанның некесіне пікірін білдірді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика