Түркістанның өнеркәсіп өнімінің көлемі 6%-ға артты

Oinet.kz 12-09-2019

Znalezione obrazy dla zapytania түркістан даму

Түркістан  - қарқынды дамып жатқан өңірлердің бірі. Аймақта жаңа өнеркәсіп орындары ашылып, туризм және жұмыспен қамту салалары қарқынды дамып жатыр.Түркістан бүгінде әлеуметі жоғарылап, экономикасы жедел артып келе жатқан әрі жас, әрі көне қала. Жуырда президент тапсырмаларының Түркістанда орындалуы туралы 2019 жылғы 8 айдағы өңірдің даму қорытындылары жарияланды. Қорытындылар бойынша, 2019 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің көлемі 6%-ға артқан.

Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынын арттыру, жаңа қуаттылықтарды енгізу және технологиялық процесті жаңғырту өңірдің өнеркәсіптік секторына қарқынды дамуға мүмкіндік берді. Өңір соңғы жылы инвестициялар тарту орталығына айналды. Негізгі капиталға инвестициялар 203,3 млрд құрады.

2019 жылдың соңына дейін ИИДМБ аясында 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрумен 14,4 млрд теңге сомасына 19 жобаны іске асыру жоспарланған. 2020 жылы 503 млрд теңге сомасына 87 жобаны іске асыру көзделген, 2021 жылы — 865 млрд теңге сомасына 145 жоба. 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 124,8 млрд тг-ден 179,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, өңдеу өнеркәсібіне 7,01-ден 8,4 млрд теңгеге дейін, тікелей шетелдік инвестициялар 11,9-дан 19,1 млрд теңгеге дейін артты.

Инвестициялар салуда басымдықты салалар өнеркәсіп, жылжымайтын мүлікпен операциялар, сондай-ақ білім беру болып табылады. 2019 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің көлемі 323,9 млрд теңгені құрады. Өсім өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға жуықты құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері азық-түлік өнімдерін өндіру, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнімдер және басқа да металл емес минерал өнімдер өндіру тәрізді бағыттар бойынша артып келеді.

Олар – жобалық қуаттылығы айына 4500 тонна болатын мақта өңдейтін зауытты, қуаттылығы жылына 20 000 тоннаны құрайтын мақта өңдейтін зауытты, қуаттылығы 2000 тонна бройлер еті болатын құс өсіру кешенін салу. Сонымен қатар ағаш жоңқасынан ламинатталып жасалған тақтайды өндіру және жиһаз қасбетін дайындау қарастырылған. Жобалық қуаттылығы жылына 198 мың дананы құрайды, травертин мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру қуаттылығы жылына 6000 тонна. Темірбетон бұйымдар өндіру зауытын, ет өңдеу цехын, сүт өңдеу зауытын, макарон өнімдерін өндіретін цехты салу жоспарланған.

Пластикті, барит кенін екінші рет өңдейтін кәсіпорын, балық өңдейтін цехты, йодталған тұз өндіретін, жиһаз қасбетін дайындайтын, тауарлық бетон, асфальтбетон қоспаларын, темірбетон және бетон бұйымдарын т. б. өндіретін кәсіпорындар салу жоспарланған. 

Өңірде жалпы аумағы 1 938 га болатын «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы құрылды, оған тарихи-мәдени орталық, әкімшілік-іскерлік орталық және өнеркәсіптік аймақтар кіреді. АЭА аумағында туристерді орналастыратын орындар, санаторийлік және сауықтыру нысандары, инфрақұрылым нысандары, тұрғын үй кешендері, мектептер, музейлер т.б. орын тебеді.

«Тұран Экспрессті» дамытуға 700 млн. теңге бөлінеді
Инвестициялар салуда өнеркәсіп салаларына басымдық беріледі

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×