Қазығұрт: Егіс алқаптарында жұмыс қызып тұр

Oinet.kz 24-06-2020 599

image.png

Қазығұрт ауданында егін алқаптарының жұмыстары оң нәтиже көрсетіп жүр. Оған облыс басшысының өзі барып көз жеткізіп қайтты.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағаларымен және мәслихат депутаттарымен бірге Қазығұрт ауданында егістік алқаптарды аралап, астық ору науқанының барысын бақылады.

Сапар барысында алдымен Қ. Әбдалиев ауыл округіндегі «Тілеуберді» шаруа қожалығында болып, алқапта жайқалған егінге оң бағасын берді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы егін шаруашылығымен айналысып келе жатқан шаруа қожалығының 1500 гектар жерге жуық алқабында бидай, арпа, мақсары мен жоңышқа егілген. 7 дана астық ору комбайны мен 15 шаруа тынымсыз еңбектенуде. Былтыр астықтың әр гектарынан 20 центнер егін алынған болса, биыл одан жоғары өнім алу жоспарланып отыр.

«Биыл жауын-шашын көп жауып, мол егін жинауға қолайлы жағдай болды. Ауданда жұмыс қарқынының ілгерілігі де байқалады. Астық қорының мол болуы аса маңызды. Халықты өз өнімімізбен қамтамасыз етуіміз қажет. Сол себепті аянбай еңбек етіңіздер. Ауданда ауыл шаруашылығын қаркынды дамытуға барынша қолдау көрсетіледі», – деді аймақ басшысы.

Облыс басшысы бұдан соң Қызылқия елді мекенінде үй іргесінен жеке қосалқы шаруашылығын дөңгелеткен шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Диқандар тамшылатып суару жүйесін тиімді пайдалана отырып, тәтті бұрыш өсірумен айналысады. Жылдық өнімі 40 тоннаны құрайды. Қожалық егесі жобаға 5 млн. теңге қаржы құйған. Еңбекқор диқан қосымша ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда. Жалпы, Қазығұрт ауданында шаруалар 44 мың 221 гектарға егін еккен.

Түлкібас: Кәсіпкерлік ауданды алға ілгерілетеді
Пневмониядан 198 науқас жазылып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу