Жылына 2-3 өнім алу жобасы сәтті жүзеге асуда

Oinet.kz 25-06-2020 514

Screenshot_4.png


Екі жылда Түркістан облысы облыс өзінің экономикадағы басым бағыттарын белгілеп, ауқымды жобаларды жүзеге асырды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар.  

Мәселен, жыл басынан бері тамшылатып суғару әдісі қосымша 1,7 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 19,3 мың гектарға жетіп отыр. Ал жылыжай көлемі 55,02 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 1 168,0 гектарды құрады. Мұндай мәліметтерді жуырда Кентау қаласы Шаға ауылында өткен «Егінжай – 2020» атты ауыл шаруашылық облыстық семинар-кеңесінде Түркістан облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлім етті. 

         Бұдан бөлек,  Түркістан облысында бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасы сәтті жүзеге асып келеді.  Бұл іске 127 ауыл округтегі 1668 агроқұрылым жұмыла кірісіп отыр. Нәтижесінде 4,3 мың гектар егістік алқап екінші өнім алуға дайындалуда. 

«Бір ғана Шаға ауылдық округінде 177 шаруа қожалық 3 кооперативке біріктірілді. Нәтижесінде  886 гектарға 21 бірлік жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді.  Оның 733 гектарына күздік бидай,  260 гектарына  жоңышқа,  312 гектарына жүгері дақылдары егілді. Жыл соңына дейін қосымша 1099,0 гектарға  20 бірлік жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылып, жалпы көлемі 1985 гектарға жеткізіледі», – деді Н.Бадырақов.


Түркістанда халықаралық деңгейдегі туризм университеті ашылды
Түркістанның ауыл шарушылығы 3 бағытта дамиды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу