«Біз біргеміз" акциясы: Түркістан екінші орынды иемденді

Oinet.kz 25-06-2020 518

Screenshot_7.png

COVID-19 дертіне қарсы күресті күшейту және мұқтаж отбасыларға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «BIRGEMIZ» республикалық қоры құрылғаны белгілі. Бұл қорға «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент қоры, депутаттар, меценаттар, кәсіпкерлер қаржы бөлді. Белсенді азаматтардың қолдауының арқасында еліміздің барлық аймақтарындағы жалғызбасты қарттарға,  көпбалалы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және өзге де азаматтарға көмек көрсетілді.

Аталған қор арқылы 470 мыңнан астам отбасына 50 мың теңгеден аударылған. Түркістан облысында 40 мыңнан астам отбасыға азық-түлік берілсе, Түркістан мен Кентау қаласындағы 17 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. «Біз біргеміз" акциясы арқылы жәрдем көрсету белсенділігі мен отбасыларды қамту көрсеткіші бойынша «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы республикада екінші орынды иемденіп отыр.

«Jas Otan» жастар қанаты бүкіл ел бойынша 5 мыңнан астам волонтерді жұмылдырып, 268 мыңдай отбасыға азық-түлік себеттерін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізіп берді. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға 5 миллион тегін маска үлестірілді.

«Birgemiz» қоры есебінен Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындары үшін 20 жаңа үйлер құрылысы жүргізіліп жатыр. Оған 340 млн. теңге бөлінді. Жалпы, төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап "нұротандықтар" еліміздің барлық өңірінен Түркістан облысына азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары мен жеке гигиена құралдарын жіберді.

 Түркістан облысында төтенше жағдайға байланысты «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істеп тұр. Мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған "Біз біргеміз"  акциясына партия филиалдары, аудан, қала әкімдері, "жасотандықтар", партия фракциясының мүшелері,  ерікті жастар және кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары атсалысты. Бұл бағыта жұмыс жалғасады.



Ерікті жастарға Елбасының Алғыс хаттары тапсырылды
Медицина қызметкерлері марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу