Жүздесуде айтылған мәселе орындалды

Oinet.kz 19-07-2022 279

Screenshot_6.png

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдерге еститін үкімет қағидасын қолдану жөнінде тапсырма берген. Содан бері әкімдер халықпен кездесу форматын өзгертті. Бұрынғыдай жылына бір емес біпрнеше рет кездесетін болды. Әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғамның, әсіресе өңірлердегі диалогын орнатуға негізделген кері байланыстың маңызды бағыты. Жаңа өзгерістерге сәйкес (Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлығы), әкімдер кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдайды. Содан кейін проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыру мәслихат сессиясында қарастырылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық елді мекенінде тиісті өңірлердің басшылық құрамымен кездесулер өтеді.

Президент тапсырмасына сәйкес Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев халықпен жоспарлы түрде кездесу ұйымдастырып, азаматтарды жеке қабылдап жүр. 

Өткен аптада аудан басшысының Төрткөл ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуінде орталық Д.Қонаев көшесіне асфальт төсеу мәселесі көтерілген болатын. 

Осыған орай аудан басшысы аталған жол бөлігін аралап, мәселені уақытылы әрі сапалы етіп орындау үшін салалық әкім орынбасары Ержан Исмайлов пен  бөлім басшысы Арман Искаковқа тапсырма берген болатын. 

Бірнеше күннің ішінде мердігер мекеме мен әкімдік жауаптылары аталған орталық көшенің 1,5 шақырымға жуық бөлігіне асфальт төсеп, көлік қозғалысына қолайлы шарт-жағдай жасады.  Ауылдың белсенді азаматтары да жолдың қысқа ғана уақыт ішінде сапалы салынғандығына ризашылығын білдірді.

Мәжіліс депутаттары мектептердің құрылысына бақылау жүргізді
Шаштараздың табысы шаш-етектен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу