Әр азаматтың ұсынысы тыңдалады

Oinet.kz 21-07-2022 177

Screenshot_8.png

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген.

Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет "әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу", республикалық маңызы бар қала, астана әкімі "қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу", аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу" өткізуі тиіс. Сондай-ақ әкім азаматтарды жеке қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, жүзеге асырылуын қадағалауы тиіс.

Осы ретте Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдады. 

Бөржар, Шұбарсу, Бөген, Төрткөл ауылдық округіне қарасты ауылдардан келген тұрғындар кәсіпкерлік, жұмысқа орналасу, миграция, саябақ ішіне ескерткіш орнату мәселесі бойынша өтініш-тілектерін айтып өтті.

Өз кезегінде аудан басшысы Бағлан Дәнебекұлы тұрғындардың арыз-шағымдарын мұқият тыңдап, көтерілген мәселелері бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырма берді. Әрі жеке қабылдауда айтылған мәселелердің орындалуы тікелей өз қадағалауында екендігін айтып өтті.

Мәселен, «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысының өкілі, Бөржар ауылдық округінің тұрғыны Бектас Ахметов аудандық Ардагерлер саябағы ішінен желтоқсаншыларға арнап ескерткіш (обелиск) орнату жөнінде өз ұсынысын ортаға салды. 

Аудан басшысы салаға жауапты әкім орынбасары Ержан Исмайловқа тапсырма беріп, аталған қозғалыс белсенділерімен бірлесіп ескерткіш жобасын жасауды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде аудан әкімінің тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

Шаштараздың табысы шаш-етектен
Темірланда ардагерлер орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу