Ордабасылықтар Омарбековке өтініш айтты

Oinet.kz 29-07-2022 187

Screenshot_13.png

Ордабасы ауданындағы қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен құрлысы 2021-ші жылы басталып аяқсыз қалды. Ордабасы ауданындағы ауқымды жобаға мемлекеттен қаржы бөлінбей қалған болатын. Игі жобаның жүзеге асуын қалаған аудан тұрғындары өтінішін бұл жолы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековке жеткізді. Вице-министр өңірге Жергілікті өзін–өзі басқаруды дамыту туралы заң жобаларын таныстыру мақсатында келген болатын.

Бұл кешенде жалпы ірі 3 ғимарат бой тіктеу керек еді. 126 келушіге арналған көрме залы,  48 орындық қонақ үй және амфитеатр түрінде салынатын спортзал. Өткен жылғы есеп бойынша жобаның құны 1 млрд 375 млн теңге болатын. Десекте ауқымды құрлыс алғашқы нысанның ірге тасы қалануымен шектелді. Ауыл іргесіндегі тоқтап қалған жоба жергілікті тұрғындарды қынжылтып отыр.

Аудан тұрғындары осы өтінішін вице-министрге жеткізді. Ордабасылықтардың ойы кешен ертерек бой тіктесе . Дегенмен жоғарыда қаралған жоба қайта қайтарылған. Бауыржан Омарбековтың ойы нысандардың бәрін бірдей емес  кезең кезеңімен соғу. Осындай ұсыныс қолдау табатынына сенімді.

Сапар барысында вице-министр аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың жол бастауымен құрылысы тоқтап тұрған Қажымұқан Мұңайтпасұлының мемориалдық кешенінің құрылыс алаңының жоба-жоспарымен танысты.

«Министрліктің бюджеттік комиссия отырысында аталған мемориалдық кешен құрылысына қажетті қаржы мақұлданбай қалды. Ендігіде аудан әкімдігі тарапынан мемориалдық кешен жобасын спорттық комплекс ретінде қайта қарап, ұсыным берген жағдайда министрлік республикалық бюджеттен қолдау көрсетуге дайын», деді Бауыржан Бақытұлы. 

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының бойында орналасқан кешенге жиналған ауданымыздың ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен спорт жанашырлары Қажымұқан ауылдық округіне ат басын бұрған вице-министрді Күш атасының атындағы кешенге қолдау көрсетуге шақырды.

Аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы бұл мемориалдық кешеннің аудан жастарының спортпен айналысуына таптырмас алаң екендігіне тоқталып, болашақ әлем чемпиондарын шығаруға, ұлт спортын ұлықтауға арналған инвестициялық жобаға салалық министрлік тарапынан қолдау көрсетілсе, - деген ойын айтып өтті.

Кездесу қортындысы бойынша аудан басшысы алдағы уақытта мемориалдық кешен жобасына құрылыс талаптарына сай қайта өзгерту енгізіп, Ұлттық экономика министрлігіне жолдайтындығын жеткізді. 

Қалай десек те қазақтың атын әлемге танытқан палуан баба атындағы кешен бүкіл облыстың көркін ашпаса кемеліне кемшілік келтірмейтіні сөзсіз. Спорт мектебі қалыптасқан ауданннан әлі талай чемпиондар шығатынына сенім мол.


Мал азығынан тапшылық болмайды
Бадырақов бөгендіктермен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу