13 көше жөнделеді

Oinet.kz 28-07-2022 184

Screenshot_27.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы  бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін айтқан болатын. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. 

Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. 

Жалпы, еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық ауылдық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адам немесе ел тұрғындарының 42%-ға жуығы тұрады.

Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, еліміздегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер, білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді, инженерлік желілері тым тозған. Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы - 2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады.

2025 жылға дейін елімізде 5,5 млн-нан астам адам тұратын 1,8 мың ауылдық елді мекен жаңғыртылатын болады. 

Осы орайда Түлкібас ауданындағы  халқы тығыз шоғырланған окургтердің бірі Балықтының асфальт жабындысы төселмеген 12 шақырымды құратын 13 ішкі көшесі «Ауыл Ел-Бесігі» бағдарламасы аясында биыл толығымен орташа жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілмек. Нәтижесіне 5 мыңнан астам халқы бар округ орталығының ішкі көшелерінің қанағатты жағдайы 100 пайызға жетеді.

Дәлірек айтсақ, соңғы жылдары халық тарапынан аудан әкімінің есебінде жиі көтеріліп келген Сыпатай батыр, Болашақ, Құрманғазы, Сейфулин, Нарботалұлы, Алан, Желтоқсан, Нұртаев, Бәйтерек, Нұршуақ, Рахым, Балықты, Наурыз көшелері.

Бүгін аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы аталған округке жауапты мамандармен бірге арнайы барып, асфальт жабындысы төселінген Құрманғазы, Болашақ, Алан көшелерінің сапасын бақылады.

Көшені жаяу аралап, жол құрылысының біршама кемшілік тұстарын анықтап, ретке келтіру мақсатында жауапты мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Бүгінгі таңда 13 көшенің 3-не асфальт жабындысы төселсе, 4 көшенің астынғы жабындысына тас төсеп, нығыздау жұмыстары іске асуда. Жолдар құрылысы ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Түлкібаста футбол алаңшасы ашылды
254 абонент таза ауыз суға қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу