Павлодардан насихаттық топ келді
«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысының ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобының Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді
2022 жылдың 27 шілдесінде Түлкібас ауданына Павлодар облысынан келген жұмыспен қамту саласына жауапты басшылары мен әкімдік өкілдері «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Солтүстікке көшіруді насихаттау бағытында Т.Рысқұлов ауылындағы орталық «Мәдениет үйінде» сағат 15:30-да Ақбиік, Шақпақ, Жабағылы, Жаскешу, Рысқұлов, Кемербастау, Мичурин, Майлыкент, Тастұмсық, Түлкібас кентінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Састөбе кентіндегі «Мәдениет үйінде» сағат 17:00-де Арыс, Балықты, Машат, Келтемашат, Састөбе кентінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында, қабылдау өңірі Павлодар облысындағы өңірлік квотаның орындалуы, бос орындар жәрмеңкелерімен таныстыру, еңбек нарығындағы жағдай, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, қоныс аударудағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсыну.
«Ұлттық жобасы» аясында өткен жиында Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдарбеков Рашид Аманкелдіұлы төрағалық етіп, жұмыс тобымен таныстырып, әр қайсына жеке-жеке сөз берілді.
Насихаттық топ құрамына:
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Байтлесова Гаухар Каиртаевна; тел: 8(7182) 32-90-00; ұялы тел: 8-702-365-30-10; e-mail: ukzsp-pavlodar.gov.kz
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Омарова Магупура Матановна; ұялы тел: 8-777-651-94-43;
Павлодар облысы, Ақсу қалалық ауруханасының бас дәрігері Шарипов Ерлан Куанышбаевич; ұялы тел: 8-777-271-11-77;
Аталған делегация өкілдері арнайы дайындалған бейнероликтерді халық назарына ұсынды. Павлодар облысына қоныс аударған отбасылардың қазіргі таңдағы жағдайы мен жеткен жетістіктері баяндалған. Бейнебаяндағы отбасылар мемлекет тарапынан көрсетілген көмектерге разылығын білдіріп, мал шаруалығын дамытып, сол бағытта еңбек етіп отырғандарын алға тартып отыр.
Кездесу барысында насихаттық топ мүшелеріне жиналысқа қатысушылардан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Кездесу соңында жиналысқа келген тұрғындарға брошюралар таратылып, Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдарбеков Рашид Аманкелдіұлы үгіт-насихат жұмысымен келген жұмысшы тобына аудан тұрғындары атынан алғысын айтып, елбасымыздың ұстанып отырған саясатын іске асыру жолында жасалып жатқан еңбектерінің нәтижелі болуына тілектестігін білдіре отырып, ауданымыздың жұмыссыз, аз қамтылған, баспана мәселесінің шешімін таба алмай жүрген азаматтарды Павлодар облысына қоныс аударуға кеңес беріп жиынды қорытындылады.
Айта кетейік, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру арқылы 2026 жылға дейін солтүстікке қоныс аударған азаматтардың жұмыспен қамту деңгейін 87 пайызға дейін жеткізу көзделген. Инфрақұрылымдық жобаларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін оңтүстік аймақтардан 35 мың адамды тарту жоспарланған. Еңбек күші тапшы өңірлерді қолдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың квотасын бекітеді. Биылғы жылы квота 6 587 адамды құрады.