Алақандай жерден мол өнім алып отыр

Oinet.kz 21-07-2022 270

Screenshot_2.png

Түркістан облысы аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағыт белгіленген. Сол бағыттардың бірі — үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану арқылы мол өнім алу. Өңір басшысы осы мақсатта аудан, қалаларға сапары кезінде тұрғындарға тиісті түсіндірулер жүргізіп, қажетті кеңестер беруде.

Алақандай жерден мол өнім алуды бұл күнде сайрамдық шаруалар да меңгеріп алған. Жақында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбұлақ ауылдық округінде жеке кәсіпкер Н.Имансеитованың отбасымен бірге үй іргелікте өсіріп отырған құлпынай жемісімен танысты. Өз қаржысы және несие есебінен 0,02 гектар аумағында 1-ші айналымына 500 мың теңгеден аса қаражат жұмсаған. 

 Жеке кәсіпкердің ері Бақтыбек Имансеитовтің сөзінше, осы кәсіпті жүргізу бірнеше жылдан бері ойында болған. Өткен жылы осы ойын жүзеге асырып, Түлкібас ауданынан «Виктория» сортын таңдап алып, көшеттерін жеріне отырғызған.   

Жерін алдын ала құнартып, көшеттері отырғызылғаннан кейін күннің ыстығынан және зиянкестерден қорғайтын, жақсы өсімін беретін қара түсті агрофибрмен жабылған. Жеріне тамшылатып суару әдісін қолданады. Үй жағдайында 10 шақты бас құс өсіреді, құстың саңғырығын тыңайтқыш етіп, өзі дайындап, жерге пайдаланады. 

Өткен жылы бірінші рет көктем айының соңында егіліп, күзге дейін 2 терім жинап алған. Биылғы жылы шамамен 60-70 кг шамасында теріп отырады. Қазіргі таңда күнара жиналған өнім көлемі 30-40 кг шамасын құрайды.  Аудан аумағындағы сауда орындарына шығарып отырады.

Аралау барысында аудан әкімі жеке кәсіпкердің шағын кәсібін қолдай келе, Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына өтінішін білдіру және тиісті құжаттарын тапсыру арқылы мемлекеттік қайтарымсыз грант алу мүмкіндігін ұсынды. 

Айта кетейік, Израиль әдісін қолдану арқылы олар әуелі өздерін жұмыспен қамтыса, екінші бір ұтымды жағы егіншіліктен алған өнімді табыс табу көзіне айналдыруға мүмкіндігі бар. Бастапқы кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген әрбір азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант қаражаты ұсынылады. Оның жүзеге асырылуы жауапты сала басшыларының назарында.

Онкүндікте атқарылған жұмыстар таныстырылды
Ақбұлақта мектеп салынып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу