Оңтүстіктен Солтүстікке көш жалғасуда

Oinet.kz 29-07-2022 286

Screenshot_3.png

Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері ұлттық жоба аясында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі Р.Елубаев Қазығұрт ауданының тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында жұмыс күші артық оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген отбасыларға жасалатын жағдай жөнінде кеңінен әңгіме болды.

Сонымен қатар, қоныс аударған отбасыларға көшіп келуге байланысты материалдық көмек көрсетіліп, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді . Кездесу барысында аудан тұрғындарының көкейлеріндегі сауалдарға тұжырымды жауаптар берілді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты халыққа жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осы тапсырма негізінде азаматтардың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуы жалғасуда. Жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару – мемлекет жүргізіп отырған ең ұтымды бағдарламалардың бірі.  Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы — еңбек нарығын дамыту және тұрғындардың, оның ішінде жастардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шараларды қабылдау. Сондай-ақ жұмыс күші тапшы өңірлерді жандандыру. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін Үкімет айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары да көзделген.

Бағдарлама бойынша әр бір қоныс аударған отбасы мүшесіне 70 АЕК есебінде көтермеақы тағайындалады. Сонымен қатар, 12 ай тұрып жатқан жалдамалы пәтерінің төлемақысы мен коммуналдық шығындары да өтелмек. Ең маңызды бөлігі отбасы мүшелері мамандығы бойынша жұмыспен қамтылатын болады.

Түркістанда мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты
Құрылыс алаңдары әкім назарында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу