Ауылдан көлік жуу орнын ашты

Oinet.kz 24-08-2022 332

Screenshot_14.png

2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Аталған ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру  үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 33,2 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 8,5 млрд теңге қарастырылған. Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді. Оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр. Ұлттық жобалар шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн жұмыс орны құрылады дейді салаға жауапты мамандар . Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орны – 803,7 мың, уақытша жұмыс орны – 1 727,9 мың. Ал биыл, яғни 2022 жылы 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 335 мың тұрақты жұмыс орындары, 660 мыңы уақытша болмақ.  

    Ұлттық жоба бойынша Төле би ауданында өз кәсібін ашып,өзі де өзгеге де екі қолға бір күрек тауып беріп отырған азаматтар жетерлік. Солардың бірі  Бірінші Мамыр ауылдық округі, Зағамбар елді мекенінің тұрғыны Хуршидбек Ералиев мемлекеттік бағдарлама арқылы 1225200 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болып, көлік жуу орнын ашты. Бүгінгі күні кез-келген елді мекенде көлік саны күн санап артып жатқанын ескерсек, көлік жуу бизнесі тиімді бизнес көзі екенін болжау қиын емес. Кәсіпкер жеке кәсібін бастамас бұрын мемлекеттен алған көмегіне қажетті құрал-жабдықтарын түгелдеп, сатып алды.  Көлік жуу және тазалау  үшін компрессор, шаңсорғыш, суды жылытуға арналған аппарат алып, бүгінде кәсібін бастап жіберді. Аталған тұрақ келушілерге сапалы қызмет жасап тұр. Ішіне жылу жүйесі тартылған. Бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

Киелітастықтармен кездесу өтті
«Әкім бол, халқыңа жақын бол»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу