Балалар ойын алаңшасы қауіпсіз болуы шарт

Oinet.kz 25-08-2022 270

Screenshot_17.png

Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласының сәулеті артып, күн санап  жаңара түсуде. Қалада зәулім ғимараттар, халыққа қажетті нысандар мен  көпқабатты тұрғын үйлер саны артып келеді. Дегенмен  бірінші мөлтек ауданында тұрғын үйлер көбеюіне байланысты халықтың әлеуметтік нысандарға деген сұранысының болуы заңдылық дер едім. Қала тұрғындарымен өткен кездесулерде және жеке қабылдауларда  мөлтек аудан халқы ойын алаңшасын орнатып беруді өтінді. Мемлекеттік биліктің  бірден бір бастауы халық болғандықтан, олардың сұранысын орындау мақсатында  көпқабатты үйлердің аулаларына балаларға қажетті ойын, спорттық алаңшалар және салауатты өмір салтын ұстануға қажетті қондырғылар  орнатылуда. 

Төлеби ауданының 90 жылдығына орай және балалар жылына байланысты І мөлтек ауданның кішкентай тұрғындарына арнап  9 заманауи ойын алаңшасы қойылуда. Аудан әкімі Төлеген Телғараев ойын алаңшасын орнатушы мекеме басшысымен кездесіп, олардың сапасына көңіл бөлді. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын көріктендіру жұмыстары қолға алынып, сертификатталған, сапасы бала денсаулығына зиян келтірмейтін қондырғылар қойылуда. Ең бірінші қойылатын талап  балалардың қауіпсіздігі екенін ескеріп,  ойын алаңшасының төсенішіне дейін стандартқа сай болу қажет. 30 баланың еркін ойнауына арналған қондырғылар жоғарғы сортты пластмассадан болғандықтан, белгіленген нормаға дейін ғана салмақты көтере алады. Сондықтан, балалар ойын алаңшасының ұзақ қызмет етуі үшін үлкендер оны өз қарауына алып, сындыруына жол бермесе деген тілек бар. 

Бұған қоса, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына тұрғындар үшін  автотұрақтар,  ішкі көшелерге асфальт, бейнебақылау камералары, түнгі жарық шамдары мен суағар орнатылатын болады.


Оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды
Халықпен жүздесу жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу