Жатақханалардың жағдайы тексерілді

Oinet.kz 24-08-2022 463

Screenshot_34.png

Соңғы уақытта мемлекет тарапынан білім алушылар арасындағы жатақхана мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылдың ішінде 90 мың студенттің жатақханамен қамтылуын тапсырған болатын. Сол уақыттан бері жауапты мекемелер мен кәсіпкерлер жатақхана құрылысына белсене кірісіп, атқарылған жұмыстар біршама нәтиже бере бастады. Сарыағаш ауданында да студенттер үйінің қатары мен сапасы артып келеді. 

Жақында жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын бақылау мақсатында  «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ Сарыағаш аудандық филиалының жанынан құрылған мониторингтік топ   аудандағы №12 колледжге және «Арыстанбаб» жоғары колледждерінің студенттік жатақханаларына мониторинг жүргізді. 

Мониторингтік топ құрамында «Жастар рухы» ЖҚ Сарыағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы  Отаров Нұрғали Жарқынбайұлы, аудандық мәслихат депутаты Керімбекова Әйгерім Ерланқызы, Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері болды.

Студенттік жатақханаларға мониторинг  жүргізудің мақсаты – жаңа оқу жылына ғимараттың дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға, қауіпсіздік стандарттарға, тұрмыстық жағдайларға (техника және жиһаз) сәйкестігін анықтау.

Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында 6 - ОАОО  студенттерге білім беріп келеді. Аталған оқу орындарының бесеуінде студенттік жатақхана жұмыс жасайды. Студенттік үйлердің жаңа оқу жылына студенттерге жағдай жасау мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізуде. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша бірнеше ұсыныстар білдірілді. Оқу орын басшылығына басты талап студенттердің білім алуына жағдай жасау  екені ескертілді. Жатақханалардың жағдайы мониторингтік топтың да басты назарында болады.


Ұрпақ тәрбиесі - жалпыұлттық міндет
Отаршиев жалынды жастармен жүздесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу