Туризмді дамыту бойынша конференция өтеді

Oinet.kz 28-08-2022 204

Screenshot_39.pngПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз, қазақ халқы, ұлы тарихи тұлғалардың ізбасар ұрпағы екенімізді ешқашан ұмытпауымыз қажет. Ата-бабаларымыздың рухын туризмнің озық үлгілері арқылы дәріптеуіміз керек. Біз салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдадық. Ол толыққанды жүзеге асатын болса, туризмнің Ішкі жалпы өнімдегі үлесі 8% жетеді. Сырттан келетін туристер саны 9 млн ал, ішкі туристер саны 8 млн адам болады. Ал туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санын 650 мың адамға жеткізу керек . Туризм өте күрделі сала. Оған тиісті мамандар керек. Сол себепті біз туризм мамандарын дайындайтын университет ашу қажет деген шешім қабылдадық» дей келе, елімізді туризмді дамыту шараларын қабылдау керектігін сала басшыларына тапсырған болатын. 

Осы ретте Түркістанда тұңғыш рет «Ескерткіштерді қорғайтын халық» құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бойынша Бірінші халықаралық конференция өтеді. Ауқымды жиынға Еуропа мен Түркітілдес - барлығы 15 мемлекеттің аты жаһанға мәшһүр ғалымдары қатысады. Басқосудың мақсаты - ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің тұлғасын төрткүл дүниеге таныстырып, мұраларын насихаттау. 

 Ясауидің тарихтағы орны қандай? Оның хикметтерінің мән-мағынасы неде? Әзірет Сұлтан болмысының жан-жақтылығы, шығармашылығының өзектілігін немен түсіндіре аламыз? Сан сауалға жауап табу үшін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев ясауитанушы ғалымдармен кеңесіп, арнайы журналистер пулын жасақтады.  

Облыстық "Оңтүстік Қазақстан", "Южный Казахстан", "Жанубий Қозоғистон", қалалық "Түркістан" газеттерінің тілшілері зерттеу мақалаларын жазып, "Turkistan" телеарнасы күн сайын арнайы бағдарламалар, бейнероликтер әзірлейтін болды. Екі ай бойы ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды жан-жақты жүргізу үшін медиа-жоспар бекітіліп, халықаралық конференцияға дайындықты бастап кетті.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы да осы бағыт бойынша бекітілген жоспарға сәйкес бірлесе жұмыстар атқаратын болады. Алдағы уақытта облысқа қарасты аудан-қалаларда және облыс орталығында дөңгелек-үстелдер мен семинарлар, ғалымдармен кездесу ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар кітапхана және музейлерде апталық өткізу де жоспарланып отыр.


Түлкібаста алма бау көлемі артуда
Туризмді дамыту бойынша конференция өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу