Ауылда да спортпен айналысуға мүмкіндік мол

Oinet.kz 28-08-2022 173

Screenshot_6.png

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Мемлекеттің ертеңгі күн тұтқасын ұстайтын, ұлт мүддесін, халық қамын ойлайтын жастарды тәрбиелеп қалыптастыру – әрбір ата-ананың, мектептегі мұғалімдердің мойнындағы міндеті. Бала – тәрбиенің үштен бірін үйдегі ата-анасынан алса, тағы бірін мектептен, қалғанын қоршаған ортасынан, айналасындағы адамдардан, достарынан алады.Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.

Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау қаласында ауқымды істер атқарылып келеді. Айталық жақында ғана Байылдыр ауылында  салауатты өмір салтын дәріптеу және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Street Workout" спорттық ойын алаңы пайдалануға берілді.  Жылдамдыққа,  ептілік пен шымырлыққа үйрететін жаңа алаңның ашылуы  қуантарлық жаңалықтардың бірі. 

Қазір елімізде қарқын алып келе жатқан спорттың бұл түрі жастар арасында үлкен қолдауға ие. Біз жастарды қолдаймыз, олардың денсаулығының мықты болуына, жан-жақты дамуына, өсуіне мүмкіндік сыйлау міндетіміз болып табылады.

Кентауда 1 сыныпқа барған оқушылар еселенген
Кентау облыс орталығымен қатар дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу