Мақтааралдың әкімі көшпелі кездесу өткізді

Oinet.kz 08-11-2022 207

42.jpg

Қазақстан Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов А.Қалыбеков ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында аудан басшысы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде Бақыт Насырханұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті. 

Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Тұрғындар негізінен көшелерге асфальт төсеу, ПУИД-2 құрылысына қатысты кемшіліктерді жою, амбулатория салу, ауыл шаруашылығы мәселелерін көтерді. 

Аудан басшысы мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен қанағаттанарлық жауаптар берді. 


Құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін...
Көктеректе электр жүйелері жаңартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу