Көктеректе электр жүйелері жаңартылуда

Oinet.kz 07-11-2022 201

43.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Көктерек кентінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, әрі қарай да бұл жұмыстардың қарқынмен жалғасатынын жеткізді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқан. Атап айтқанда, Көктерек кентіндегі Абай көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысынан Еңбекші көшесіне дейінгі аралықта ұзындығы 1,45 шақырымды құрайтын тозығы жеткен аяқ жолды жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда аяқ жол салу жұмыстары аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы кент аумағындағы тозығы жеткен 21,07 шақырым электр желілерін және 540 дана электр бағаналарын, 15 дана трансформаторларды қайта жаңарту мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда бетон бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын келесі жылдың бірінші тоқсанында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан аудан басшысына тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру, жаңа мектеп салу мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. 

Аудан басшысы бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.


Мақтааралдың әкімі көшпелі кездесу өткізді
«Adal komek» шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу