«Adal komek» шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Oinet.kz 10-11-2022 359

44.jpg 

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жүргізіп отырды. Комиссия отырысында үш мәселе қаралып, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнұр Кұралбаева және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Талгат Есенбеков баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша ІІІ тоқсан қорытындысымен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесінің бас маманы Ғалымжан Бижигитов баяндап, сұрақтарға жауап берді. 

- «Adal komek» жобасы шеңберінде Келес ауданы әкімі аппаратымен халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру үшін түсіндіру шараларын өткізу кестесі бекітіліп, аталған іс-шара шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті мекемелердің қатысуымен тұрғындарға жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үй алуға кезекке тұру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында субсидия және несие алу, халықты жұмыспен қамту секілді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 2022 жылғы 16 қыркүйекте Келес ауданында тұрғындардың маңызды мәселелерін шешуде құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында аталған науқанды көрсетілген мерзімде «Ашық әкімдік» алаңында адвокат, нотариус және дербес бөлімдердің қатысуымен тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша науқан аясында тегін ақпараттық түсіндірмелік көмек көрсетілді, - дейді комиссия хатшысы Ғ.Бижигитов. 

Келес ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазандағы №29 «Келес ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» қаулысымен аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылып, бүгінгі таңда аталған комиссияның жалпы 10 отырысы өткізілген.


Көктеректе электр жүйелері жаңартылуда
Дүкен иелерімен жұмыстар жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу