Шымкент қаласында еңбек адамдары марапатталды

Oinet.kz 29-09-2023 115

Шымкент қаласында қалалық жастар ресурстық орталығында «Сенім қадамы» жобасы аясындағы «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздарын марапатталды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың айтуынша, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған байқауға 100-ге жуық өтінім түскен. 

Screenshot_27.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында «Шын мәнінде, қандай жұмыс істеп жүргенің емес, оны қалай істеп жүргенің әлдеқайда маңызды. Министр немесе әкім болсын, құрылысшы, дәрігер, мұғалім болсын, ең бастысы, әркім өз міндетін адал атқаруы керек. Нанын адал еңбекпен табуы қажет. Нағыз еңбек адамы дегеніміз кім? Бұл ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат» деп атап өткен болатын. «Сенім қадамы» жобасы аясындағы «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары – нағыз еңбек адамдары, ел мақтанышы, - дейді ол. 

Жалпы комиссия отырысының шешімімен 100 үміткердің арасынан  ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп жүрген қоғамдық өмірге бағытталған түрлі еңбек саласының 10 үздік қызметкері анықталды. 

– Кез келген елдің дамуы еңбекке тікелей байланысты екенін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік болуы тиіс. Әрбір азаматы еңбекке бейім болса, елдің берекесі кіріп, ырысы молайып, өзгелермен терезесі теңеледі. Сондықтан Еңбек күнінің қарсаңында өткізіліп отырған бүгінгі байқаудың мақсаты – еңбек құндылығын дәріптеу, еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Биылғы байқауда «Үздік әкімшілік шаруашылық қызметкері», «Үздік тәрбиеші», «Үздік қоғамдық көлік жүргізу саласының қызметкері», «Үздік тәртіп сақшысы», «Үздік өрт сөндіру саласының қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік кәсіпкер», «Үздік тазалық саласының қызметкері», «Үздік ұстаз» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталып марапатталды. 

Шымкент қаласында жастар ресурстық орталығы дін тақырыбында жиын өткізді
Шымкент қаласындағы Түркістан көшесіндегі өрт сөндіру депосы биыл пайдалауға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу