Шымкент қаласындағы Түркістан көшесіндегі өрт сөндіру депосы биыл пайдалауға беріледі

Oinet.kz 30-09-2023 129

Шымкент қаласында биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілді. Соның бірі – Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталып келеді.

Screenshot_28.jpg

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, құрылыс нормаларына сәйкес халық саны 1 миллионнан асатын және жалпы аумағы 117 мың гектарды құрайтын Шымкент қаласында 22 өрт сөндіру депосы болу керек екен. Ендігі таңда қосымша 12 өрт сөндіру депосын салуды қажеттігі туындаған. Бұл бойынша Шымкент қаласында бүгінгі таңда арнайы жоспар құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылыс жұмысының барысымен танысты. Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған. Құрылыс алаңына 80  жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған. 

Аралау барысында қала әкімі жауаптыларға ғимараттың тиісті  талаптарға сай жабдықталуын бақылауды, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. 

- Биыл 2 өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда. Атап айтқанда, Түркістан көшесіндегі 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы және Әкімшілік іскерлік орталығында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған. Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы басталды. Аталған нысанның құрылысын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Қазірігі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, - дейді қала әкімі.

Айта кетейік, Тұран шағын ауданында 4  автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің және Қайнар-бұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағының құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр. Ал 2025 жылы Солтүстік-Саяжай тұрғын алабында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені салынатын болады. 

Қала әкімі жауаптыларға депо құрылысын тиісті талаптарға сай жүргізіп, ең алдымен сапаны бақылауды тапсырды. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. 

Шымкент қаласында еңбек адамдары марапатталды
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында инфрақұрылым мәселесі шешімін тапқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу