Шымкент: Қажымұқан стадионының маңы тазартылды

Oinet.kz 18-04-2024 104

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясының «Киелі мекен» апталығында  Тұран ауданында Қажымұқан стадионы мен сол маңдағы спортшылар аллеясында, балалар темір жолы бойында тазалық шаралары өтті. 

Screenshot_14.jpg

Науқанға қатысушылар стадион айналасындағы арамшөптерді орып, реттеп, Қажымұқан ескерткіші мен спортшылар аллеясындағы  даңқты спортышыларға арналған тақтайшаларды жуып-тазалап, балалар темір жолы бойын қоқыстан тазартты.

— Қажымұқан стадионына еліміз ғана емес, шетелдік азаматтар көп келеді. Түрлі жарыстар мен жиындар өтеді. Сондықтан бұл маңды таза ұстауға, көгалдандыруға  көп көңіл бөлінеді,—  дейді Тұран ауданы «Қоғамның орта сапасын дамыту» бөлімі басшысының м.а. Жәңгірхан Байсал. 

Жалпы, Қажымұқан стадионы аумағында өткен тазалық шараларына жұмысқа 2 техника, 50 адам жұмылдырылды.

Жоғары оқу орындары көмек керуенін жөнелтті
Шымкент: Асарлықтар аллеяны көріктендіруге шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу