Заңнама талаптарын сақтау тақырыбында семинар өтті
Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Л. Мырзараимова Бәйдібек ауданы әкімі аппаратында жоспарлы тексеру барысында аудан әкімі аппараты, дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтау тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін аттыру, қызметтік әдеп нормаларын практикалық деңгейде бекіту және заңнамадағы өзекті өзгерістермен таныстыру болды.
Жиын барысында, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және лудоманияның алдын алу, тәртіптік жаза қолдану тәртібі, әдеп стандарттары және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.



