Сайрам ауданындағы бірқатар нысандарды аралады

Oinet.kz 14-07-2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті», – деп атап өткен болатын. 

Screenshot_2.png

Осы тапсырманы іске асыру аясында Түркістан облысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы тұрақты бақылауда.

Осыған орай бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Сайрам ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауданда жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жұмыс сапары барысында алдымен Қарасу ауылы аумағындағы облыстық маңызы бар Көксайек–Ақсу–Шаян–Мыңбұлақ автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарының барысы зерделенді.

Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Ақсукент ауылындағы №55 жалпы білім беретін мектептің және Манкент теміржол вокзалының құрылыс алаңдарын аралады. Сонымен қатар Манкент ауылындағы «Ибрагим-Ата» атындағы жалпы білім беретін мектептің жай-күйімен танысып, Жібек жолы ауылында салынып жатқан Бөкейхан атындағы мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының (спорт залы, асхана және шеберхана) құрылыс жұмыстарының барысын көрді.

Нысандарды аралау барысында құрылыс сапасы, жұмыс қарқыны және жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысында Сайрам ауданы әкімдігінде мәжіліс өткізіліп, араланған нысандардағы құрылыс жұмыстары жан-жақты талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары жауапты сала басшылары мен мердігер мекемелерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сайрамда кабель шығарылады
Қарабұқақта ірі сауда орталығы салынып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу