Төлебиде ауқымды жобалар жүзеге асуда

Oinet.kz 20-09-2019 560


70231703_2767435183266476_8085456894577082368_o.jpg

Түркістан облысы Төлеби ауданының Сарқырама және Алатау елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Республикалық және облыстық бюджеттен 2018 жылға 66,0 млн теңге, 2019 жылға 328,0 млн теңге бөлініп отыр.  Нысанды іске қосу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына белгіленген. Жуырда осы жобалардың іске асуы ауданға жасалынған пресс-тур барысында көрсетілді. 

Ауданның Ақайдар елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысының жоба-сметалық құжатамасы әзірленіп, жалпы құны – 307 183, 881,0 мың теңге құрайтын жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынып, салалық басқарма тарапынан қаржыландырылып, тиісті жұмыстар басталды. Нысан 2020 жылға өтпелі.

Ауданда тұрғындарға арналған демалыс орындарын көбейту жұмыстары қолға алынып отыр. Ағымдағы жылы Ленгір қаласының Төлеби және Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы 12,7 гектар шатқалды аббаттандыру жоспарланып отыр. Мұнда 1200 ағаш отырғызылып, 3 су бұрқағы, орындықтар, жол аяқтар, шамдар орнатылатын болады. Абаттандыру жұмыстарына жоба сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 5300,0 мың теңге қаралып, құны 370 778,0 мың теңге. Облыстық бюджеттен 2019 жылға қаражат қаралып, жұмыстар басталды.

Сонымен қатар, Ленгір қаласының Төлеби және Бірлік көшелерін абаттандыру жұмыстарына Республикалық бюджеттен 311,0 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыстар басталды.

Сондай-ақ, Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округіндегі ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын Біркөлік-Екпінді елді мекен автожолын абаттандыру жұмыстарын «ПМК-7К» ЖШС-гі атқаруда. Жоба құны 301 689,0 теңге.




Төлебиде көгілдір отыны бар ауылдар көбейіп келеді
Жол мәселесі тұрақты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу