Қазақстан мен Түркия арасындаға әскери келісім жаңартылды

Oinet.kz 30-10-2019 936

Картинки по запросу Қазақстан түркия

Парламент мәжілісі Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлады, деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық 1993-1994 жылдары қол қойылған келісімдер негізінде жүргізілген еді. Онда әскери техника, білім мен ғылым саласындағы әріптестік байланыстар қарастырылған. Бүгінде екі келісімнің кейбір тұстары ескіріп қалды және ұлттық заңнамаға сәйкес келмейді. Осыған байланысты жаңа келісімді рәсімдеу туралы шешім қабылданды.  

"Келісімде әскери даярлық пен оқытуды қоса алғанда, бұдан бұрын қамтылмаған бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу, картография, гидрография, топогеодезиялық қамтамасыз ету, әуе кеңістігі арқылы әскери мүліктің транзиті, медициналық көмек көрсету және тағы басқа мәселелер көрсетілген", - деді Тимур Дәндібаев мәжілістің жалпы отырысында.

Министрдің сөзіне қарағанда, елімізде бірқатар әскери маман тапшы. Түркияда дәл сол мамандықтар бойынша білім беру жұмысы жолға қойылған. 

"Қазақстанның әскери орындарында тәрбиеші офицерлер, психологтар, байланысшылар, штурман-десантшылар сияқты мамандар даярланады. Ал Түркияда біз тапшы мамандықтар бойынша оқытамыз. Мысалы, әскери теңіз күштері, медициналық мамандықтарға жібереміз. Біз талдау жасадық. Түркиядан келетін әскери қызметшілердің білімдері де жоғары, практикалық дайындығы да жақсы. Сондықтан екіжақты ынтымақтастықты жалғастыру керек", - деп атап көрсетті Тимур Дәндібаев.

Осы орайда вице-министр Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған Түркияның әскери көмегін еске алды.

"Түркия біздің стратегиялық әріптесіміз. Бұл мемлекет тәуелсіздігімізді бірінші болып мойындады. Бұдан бөлек, бірінші болып 5 миллион доллар көлемінде әскери көмек берді. Сол кезде Ланд Ровер сияқты әскери техника жеткізілді. Қазіргі кезде біз "Кобра" секілді брондалған техниканы пайдаланып жүрміз. Оптикалық аспаптарды шығаратын кәсіпорын бар. Біз осы ынтымақтастықты сақтап қалуды көздейміз", - дейді Тимур Дәндібаев.

Қостанайда бірнеше мәрте пара алған бастық 6 жылға сотталды
Қараша айында күн суытады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу