Қызылордалық Мадияр Серік Ресейдегі ән байқауында бас жүлде алды

Oinet.kz 05-11-2019 1592

Screenshot_2.jpg

Қызылорда облысының Қазалы ауданында тұратын жас әнші Мадияр Серік халықаралық байқаудың жеңімпазы болды, деп хабарлайды Oinet.kz  тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп. 

Ол Ресейдің Туапсе қаласында биыл 25-ші мәрте өткізілген «Хрустальная магнолия» фестиваль-конкурсында бақ сынады. Қара теңіздің жағалауындағы балалар шығармашылығына арналған байрақты бәсекеде ән орындаған Мадияр Серік Гран-при жеңіп алды. 

Мадияр Серік Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте оқиды. Ол бұған дейін Болгарияда өткен «Star of the world» атты халықаралық байқауда гран-при мен үш алтын медаль иеленген болатын.

Қазақстан мен Ресей Президенттері Омбыда кездеседі
Көкшетауда 31 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап, мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу