Жеңіс Қасымбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуге тапсырма берді

Oinet.kz 07-11-2019 849

Похожее изображение

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар күшейтіледі. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактілерінің жолын кесуге шақырды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерімен белсенді күресіп, халық арасында мүлдем төзбеушілік қалыптастыру қажет. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалыптастыруға ықпал ететін теріс қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікті қатаңдатуды тапсырамын», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жеңіс Қасымбек мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бергендерге қатаң, заңға сәйкес шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шәкенов департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлінетіні жайлы мәлімдеді.

«Біз сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін жағдайлар мен алғышарттарды жоюға бағытталған алдын алу жұмыстарымен белсенді айналысамыз. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Бұл мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту жөніндегі шаралар кешені», - деді ол.

Денис Шәкенов қазір Қарағанды облысында "Сарыарқа - адалдық алаңы" жобасын табысты жүзеге асырылаты туралы еске салды. Оның мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік органдардың жұмысын өзгерту және өңір тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру.

"Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы" жобасы аясында 1084 мемлекеттік ұйымдар өздерінің бюджеттері туралы ақпаратты орналастырды, олардың шығынын тұрғындар нақты уақыт режимінде көре алады.

Облыс мектептері мен балабақшаларында оқыту үшін "Адал ұрпақ" және "Адал бөбек" арнайы бағдарламалары пайдаланылады. Олар балалар мен жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауы мен санасын қалыптастыруға көмектеседі.

Осы жобалардан басқа, қоғамдық сананы өзгертуге азаматтық қоғам мен мемлекеттік аппарат арасындағы байланыстырушы буын болған арнайы мониторингтік топ көмектеседі. Мысалы, жариялылық үшін АМТ мүшелері емтихан комиссиясының жұмысына қатысады, ол жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің тәжірибелік дағдыларын бағалайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы негізінде және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Transparency Kazakhstan Қоғамдық Қоры Қарағанды облысының тұрғындары мен кәсіпкерлері арасында "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа Мониторинг жүргізу" атты зерттеу жүргізді.

Сонымен, сұралған тұрғындардың пікіріне сүйенсек, азаматтардың өздері (73,5%) сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің бастамашысы болып табылады, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің (19,4%) және делдалдардың (7,1%) қатысуымен болған жағдайлар да жиі кездеседі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін Openkaraganda жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға мүмкіндік беретін фронт-кеңсе құрылатын болады. Мұнда бірыңғай терезе қағидаты бойынша Ашық қызмет көрсету енгізілетін болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу үшін кедергілерді азайтады. Open Karaganda залы қала әкімдігінің ғимаратында орналасады.

Осындай фронт-кеңселер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында да ашылуда. 

Димаш Құдайбергеннің өнері 12 сағатта 120 миллион қаралым жинады
Бойжеткен денесіне 200 татуировка салдырып өзінің арманына жеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу