Семейде он пәтерлік тұрғын үй өртенді

Семейде үй өртенді.jpg

Семейде түнде он пәтерлік үйдің шатырында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«8 қараша күні сағат 04:37-де Семейдің «101» пультіне Карьерная көшесіндегі барақ тәрізді салынған бір қабатты он пәтерлік тұрғын үйдің өртке оранып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Жалпы ауданы 330 шаршы метр шатыр жанған», - делінген хабарламада. Өрт сөндірушілердің тиісті қолданған шараларының арқасында 15 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сағат 05:58-де оқшауланып, сағат 07:05-те толықтай сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 6 өрт сөрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 24 адамы жұмылдырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үміт керуені тоқтамасын
  • Тоқаев: «Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс»
  • Абдуғаппар Сманов дінді мазақ еткен Төлендиевке ренжулі
  • Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар жұмысқа қалай тартылатын болады?
  • Оқушы зорланған мектепте директор мен орынбасар жұмыстан қуылды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика