Димаш «Азиядағы ең келбетті адам – 2019» рейтингінде үздік ондыққа енді

Oinet.kz 12-11-2019 922

Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы бір жетістігімен қуантты. Ол кеше «Азиядағы ең келбетті адам – 2019» рейтингісінде 8-орын алды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы  Facebookтегі TC Candler парақшасына сілтеме жасап. 

Димаш.jpeg

Биыл тамыз айының соңында тәуелсіз сарапшылар TC Candler халықаралық конкурсында қазақстандық Димаш Құдайбергенді «Азиядағы ең келбетті адам» аталымына ұсынды. 

TC Candler Азияның ең тартымды, ең келбетті 100 тұлғасы енген жыл сайынғы тізімін жариялады. Қазақстандық әнші Димаш бұл ретингте сегізінші орынға табан тіреді. 

Парақшада жас әншінің бет-бейнесі тартымды, әрі дауысы керемет екені жазылған. 

«Әлемнің барлық тұрғыны, ұлттар мен ұлыстар оны ерекше жақсы көреді» деп жазған TC Candler. 

Димаш Құдайберген өткен жылы жер бетіндегі ең сымбатты 10 ер адамның қатарына кіргенін айта кету керек. Ол жолы Димашты қолдау үшін ол туралы жазбаға лүпіл басып, фотосуретінің астына пікір жазу керек болған. 

Жанкүйерлер қойылған талапты бұлжытпай орындап, нәтижесінде Димаш үздіктердің қатарына енді. Ал оның кейбір жанкүйері қазақстандық әнші бірінші орында болуы керек деп санайды. 

Олар әнші туралы «Димаш Жер планетасындағы ең келбетті жігіт», «Басқа қатысушылардың бет-жүзі әрленген, ал Димаш бояусыз-ақ сымбатты. Ол бірінші орынға лайық» деген сынды пікірлер жазған.


БҚО әкімі Есқалиев WhatsApp нөмірін жариялау арқылы халықпен жұмыс жасауда
Құралай Заманбекқызы: «Әкемнен көмек сұрамай ыдыс жуып өз күнімді өзім көрдім»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу