Павлодарда 4 көлік отқа оранды

Oinet.kz 21-11-2019 779

Павлодарда аяз салдарынан ескі көліктердің отқа орануы жиілеп кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

отқа оранды.jpg

20 қараша күні сағат 15:20-да Ақсу қаласының Әлия Молдағұлова көшесінде 1999 жылы шығарылған Mercedes-Benz автокөлігінің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, салон панельдері, жалпы ауданы үш шаршы метр екі алдыңғы доңғалақ өртенді. 

Сағат 07:54-те Железин ауданының аудан орталығында 1994 жылы шығарылған «Audi A6» автокөлігінің мотор бөлігінде  1,5 шаршы метр аумақта техникалық бұйымдар жанған. 

Сағат 17:51-де Павлодар қаласында Максим Горький көшесі, 41/1 мекенжайы бойынша ашық аумақта 1997 жылы шыққан минивэн типті шанағы бар Volkswagen автокөлігі алты шаршы метр алаңда жанып кетті. Автомобиль газбен жүреді. 

Сағат 18:01-де Екібастұз қаласы Әуезов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан 1997 жылы шығарылған Volkswagen Passat автокөлігінде мотор бөлігінде 1,5 шаршы метр аумақта мотор-техникалық бөлігі жанған. 

Көліктерден өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Сондықтан жүргізушілерге сақ болуға кеңес береміз. Келтірілген шығын көлемі анықталуда, - дейді департаментте.

Қызылордада көлік жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып өлтірді
Ақтоты Райымқұлова: «Допинг дауларына байланысты талаптар да күшейтіліп жатыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу