Кредит тағы кешірілетін болды

Oinet.kz 06-12-2019 18001

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов алдыңғы акция кезінде кейбір азаматтардың құжаттары дерек қорында болмағандықтан, жеңілдікке ілінбей қалғанын айтып, қосымша 57 мыңға жуық адамның несиесі кешірілетінін мәлімдеген еді. Бүгінде Қазақстанда осы науқанның екінші кезеңі жүзеге асып жатыр, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Картинки по запросу Кредит

Сондай-ақ, бұл жаңалықты КТК арнасының журналисі Гүлмира Әбіқай да өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Кредитіңіз кешірілетін топқа жататын болсаңыз дереу несие алған банкке хабарласыңыз!

Түрлі себеппен базаға кеш енген азаматтардың борыштық жүктемесін азайту науқанының екінші кезеңі жүзеге асып жатыр. Түсінікті тілмен айтсақ, кредит кешіріліп жатыр. 26.06.2019ж.ҚР Президенті Үкімет пен Ұлттық банкке әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халықтың кепілсіз тұтыну несиелері бойынша қарыздарын өтеп беруді тапсырған еді. Осымен бұрын-соңды тарихта болмаған науқан аяқталды. Қазір өтеліп жатқан қарыздар қыркүйек айына дейін жаңартылған базаға енгендердікі»,- деп жазады Гүлмира Әбіқай.

Төмендегі тізім бойынша азаматтардың несиесі кешіріледі.

Тұтынушылық кредиті бойынша қарыздары кешірілетін тұлғалар:

Көпбалалы отбасылар; 

Асыраушысынан айырылып, жәрдемақы алып отырған отбасылар; 

Мүгедек-балалары бар, 18 жастан жоғары жастағы мүгедектерді асырап отырған отбасылар;

Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар; 

Жетім-балалар; 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылған 29 жасқа дейінгі азаматтар. 

Қарызы барлардың тізімін мемлекеттік органдар жасақтайды. Несиесі өтелетіндер мәртебесін enbek.gov.kz, egov.kz сайттарынан және Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан біле алады. 

Егер тізімде болмасаңыз, 111 байланыс нөмірі арқылы хабарласып ақпарат алуға болады. 

 Несие қарыздар санына қарамастан есептеледі. Егер сіздің бірнеше несиеңіз болса, онда 300 мың теңге қарызыңыз ең ірі несиеңізден өтеледі. Мәселен, несиесі бар азамат 200 мың теңгені бір банктен, 150 мың теңгені тағы бір банктен алған болса, әуелі бірінші банктегі 200 мың теңге толықтай төленіп беріледі, содан соң барып екінші банктегі 100 мың теңге қарызы ішінәра өтеледі. Екінші банктегі қалған 50 мың теңге қарызын несие алған адам өзі жабады. 

Болашақта несие алуға тыйым салынбайды. Алайда оны беру талаптары күшейеді. Айта кетейік, ақша несие алушының шотына түседі. Қарыз алушы өтініш жазуы керек.

Қазақстандағы медицина мәселесі
Адалдық - әділдіктен басталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу