Оңтүстік Кореяда 12 мың қазақстандық заңсыз жүр

Oinet.kz 27-02-2020 1433

Коронавирус инфекциясы Оңтүстік Кореяда да кең етек алуда. Осыны ескерсек, ондағы отандастарымызға төнер қауіп те молынан. Сол себепті, ведомство қызметкерлері қазақстандықтарды елге қайтару үшін барын салуда, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

142-2013-620x416.jpg

Оңтүстік Кореяда 12 мың отандасымыз заңсыз жүр. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды "Хабар-24".

Оның сөзінше, қазір таңсамалы елінде 35 мыңға жуық Қазақстан азаматы бар. Солардың тек 848-і ғана елшілік тіркеуінде. Қалғаны елдің қай аумағында жүргені белгісіз.

Осы ретте коронавирус Оңтүстік Корея елінде де кең таралып жатқанын ескерсек, отандастарымызға қауіп төнуі әбден мүмкін. Сондықтан ведомство қызметкерлері қазақстандықтарды тезірек елге қайтуға шақырып отыр. Өйткені жақын уақытта Оңтүстік Кореяға қатынайтын әуе рейстері күрт қысқартылмақ.

VIP көлік нөмірлері иелерінің көпшілігі Шымкенттіктер
Қайрат Жолдыбайұлы Дулат Ағаділдің өліміне кім кінәлі екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу